Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны бойынша жағдай тұрақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны бойынша жағдай тұрақты

01.04.2014
Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны бойынша жағдай тұрақты
Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны бойынша жағдай тұрақты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің кеңейтілген мәжілісінде осы мәселеге жауапты органдардың басшылары мәлімдеді.
 
Өңірдің жазықтарында жер беті қарайғанымен, тауларда әлі де біраз қар жатыр. Күн күрт жылынса, өзендердегі су деңгейі көтеріліп кетеді деген қауіп сейілген жоқ.
Сондықтан, құзырлы органдардың қызметкерлері әлі де күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп, жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр.
 
Мысалы, таяуда Тарбағатай ауданында сай-саладан аққан су - тас жолдың маңына жайылып кетті. «Қазақавтожол» мекемесінің қызметкерлері жол бойына топырақ төгіп, суды басқа жаққа бұрып жіберді.
 
Александр Дементьев, «Қазақавтожол» мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалы директорының орынбасары:
Жолдардың барлығын бақылап отырмыз. Оларды су шайып кетпес үшін және көліктердің қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатында күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатырмыз. Керек жағдайда түні бойы да жүреміз. Мысалы, осыдан бірнеше күн бұрын «Өскемен-Зырян» тас жолының бойында су жиналып қалды. Таң атқанша сол жерде жұмыс істеп, суды басқа жаққа бұрып жібердік.
 
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу