Автокөлік генераторынан қуат көзін алуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автокөлік генераторынан қуат көзін алуға болады

31.03.2014
Автокөлік генераторынан қуат көзін алуға болады

Автокөлік генераторынан қуат көзін алуға болады. Алматылық Абылай Дүйсебаев 12 вольттік айнымалы токты 12 кВт кернеулік трансформаторға жалғап, тұрмысқа қажетті 220 Ватт энергия алып отыр.
 
 Жаңа инновациялық идеяны электр маманы 9 жыл бұрын қарастырған. Әйтсе де, қалтадағы қаражаттың аздығына байланысты іске қосуды кешеуілдеткен.
 
 220 Ватт қуат көзін алуды өнертапқыш алдымен тозығы жеткен көліктен бастапты. Бар-жоғы 12 вольттік генератордан энергия алып отыр. Табиғаттың тосын мінезіне байланысты үйіңізде жарық сөне қалса, көлікті іске қоссаңыз болғаны. Теледидарыңызды көріп, асыңызды әзірлей бересіз. Жанармай да көп кетпейді. 1 сағатқа 500 грамм шамасында.
 
Абылай Дүйсебаев, өнертапқыш:
EXPO-2017 көрмесіне қарсы елімізден шығып жатқан машиналарға орнатсам ба, деген ойым бар еді. Айнымалы токтан үнемі ток алу мақсатында  жұмыс істеп  жатырмыз.
 
 Механизмнің жан-жақты пайдасы бар. Өнертапқыштың орнатқан қосымша «тоқтат» тетігі көліктегі бөлшектердің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұрған сымдардың өртеніп кетпеуін қадағалайды. Әсіресе, шілденің  ыстығында осы тетікті басып қойса, төтенше апаттың алдын алуға болады.
 
Абылай Дүйсебаев, өнертапқыш:
  Шай қайнатып ішуге болады. Бұл өндіріске енетін болса, қажетті фазалы энергияны алып отыруға болады.
 
 Болашақтың энергиясы тақырыбын таңдаған Қазақстан үшін бұл таптырмайтын құрал. Әзірге еліміз қуат көздерінен тапшылық көре қойған жоқ, бірақ, табиғи қоры бай мемлекеттің баламалы қуат көздерін пайдалануға деген құлшынысы белсенді дамуымызды айғақтайды,-дейді кейіпкеріміз.
 
 Сондықтан, қазір генераторды автокөліктен бөліп алып, жанармайсыз жұмыс істейтін қозғалтышқа айналдырмақ ниеті бар.
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу