Жамбыл облысының үш ауданында сайлау өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысының үш ауданында сайлау өтті

31.03.2014
Жамбыл облысының үш ауданында сайлау өтті

Жамбыл облысындағы үш ауданда жергілікті мәслихаттағы депутаттық бос орындарға сайлау өткізілді. Қордай, Жуалы және Жамбыл аудандарында 8 140 сайлаушы 6 үміткердің арасынан өз таңдауларын жасады.
 
 Халық қалаулыларына сенім білдіру 5 сайлау учаскесі бойынша өткізілді. Саяси науқанға әдеттегідей дауыс беру құқығына ие азаматтар белсенді қатысты.
 
 Алдын ала жасалған қорытындыларға сүйенсек, сағат 16.00-ге дейін сайлаушылардың 62 пайызға жуығы сайлау учаскелеріне барып, өздері сенім артқан үміткерлерге дауыс берген.
 
Біржан Күзенбеков, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы:
Бүгінгі таңда ешқандай заңбұзушылықтар бойынша арыз-шағым түспеген. Сондықтан, сайлау комиссиясы мүшелерінің тәжірибелерін ескере отырып, ешқандай кедергісіз өтеді деген сенімдеміз.
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу