Балабақшаларда заңбұзушылық көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балабақшаларда заңбұзушылық көп

31.03.2014
Балабақшаларда заңбұзушылық көп

Шығыс Қазақстан облысының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде ата-аналардан түрлі желеумен ақша жинау деректері тыйылмай тұр. Бұл жөнінде осы салада облыстық әкімдікпен бірлесіп кешенді тексеру жүргізген прокуратура қызметкерлері мәлімдеді.
 
 Аймақтағы шағын орталықтар мен балабақшаларды тексеру барысында бұдан да басқа бірқатар былықтың беті ашылған. Біріншіден, балаларды балабақшаға орналастыру кезегі дұрыс сақталмайды.
 
 Мәселен, былтыр Семей қаласының мектепке дейінгі мекемелеріне 1100 бала кезектен тыс орналастырылған.
 
 Ал, тәртіп бойынша кезекке жазылған 898 бала әлі күнге дейін үйінде отыр. Екіншіден, ойыншықтар мен жиһаздар уақытында жаңаланбайды. Санитарлық және өрт қауіпсіздігі бойынша да кемшіліктер көп. Тексеру кезінде барлығы 690 заңбұзушылық анықталған.
 
Нұрбұлан Мақұлбаев, облыс прокурорының аға көмекшісі:
Балалардың ата-аналарынан қажетсіз ақша жинау азаймай тұр. Бұл орайда, ата-аналар комитетінің функциясы  кеңірек қолданылады. Яғни, қолдау, демеушілік көмек ретінде, деген желеумен заңсыз ақша жинау фактілері жиі кездеседі.
 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу