Ақкөл ауданында жүзу бассейні ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақкөл ауданында жүзу бассейні ашылды

31.03.2014
Ақкөл ауданында жүзу бассейні ашылды

Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы жүзу бассейнінің құрылысы 1989 жылы басталған болатын. Алайда, 1995 жылы қаражаттың жетіспеуінен құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Аяқталмай қалған нысанға 2012 жылы 307 миллион теңге қаражат бөлініп, ғимаратты салу қайта қолға алынды.
 
 «Ештен кеш жақсы», деп білген қала басшылығы жақында тұрғындардың көптен күткен жүзу бассейнінің ашылу салтанатын  өткізді. Спорт кешені қос қабатты. Жабық үлгіде салынған жүзу бассейні барлық заманауи талаптарға сай жабдықталған. Бұл нысанда ересектермен қата,  балалаларға арналған  жеке бассейн де бар.
 
 Жаңа ғимараттың ашылуы шағын қаладағы спорт саласының жандануына септігін тигізумен қатар, бірсыпыра жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.   
 
Күнтуар Бәпішев, Ақкөл қаласының тұрғыны:
Бүгін міне, көптен күткен бассейн іске қосылды. Өте қуаныштымыз. Аудан әкімі Теміржан Қанатұлына және осыған қаражат бөлген облыс әкімдігіне рахметімізді айтамыз. Бұл - көпшіліктің игілігіне жасалып отырғын іс.
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу