Зағиптарға көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зағиптарға көмек көрсетілді

31.03.2014
Зағиптарға көмек көрсетілді

Алматыдағы Қазақ зағиптар қоғамына жапондықтар қайырымдылық көмек көрсетті. 68 мың АҚШ долларына термопласт-автомат аппаратын алып берді. Бұл мекемеде барлығы 58 адам жұмыс істейді. Оның 40-ы - көзі көрмейтін жандар.
 
 Олар арнайы киімдер тігіп, нәпақасын табады. Жұмысшылардың киімдері, медициналық халаттар, қолғаптар, тағысын тағы.
 
 Ал, жаңа аппаратпен енді киім қысқыштар мен ілгіштер шығарады. Шелек сияқты басқа да заттар шығаруға болады.
 
 Зағиптар қоғамының басшысы алдағы уақытта жұмысшылар санын көбейтіп, кемтар жандарды жұмысқа тартуды жоспарлап отыр. Ал, Елші мүмкіндігі шектеулі жандарға тағы да 2 жоба бойынша көмек көрсететінін айтты.
 
Раушан Рысқалиева, Қазақ зағиптар қоғамы тәжірибелік кәсіпорнының директоры:
Бұл кісілердің көмегімен термопласт аппаратын алдық. Осы жерде 20 адам жұмыс істейді. Көп рахмет айтқымыз келеді.
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу