Біз кеше Астананың іргесіндегі «Үркер» тұрғын алабы халқы жолдың азабын тартып отырғандығын жеткізген едік. Осы мәселеге байланысты ұлттық арна тілшілеріне бүгін Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары - Бауыржан Жұмажанов мырза жауап берді. «Жалпы бұл шағын ауданда 2008 жылы басталған құрылыс жұмыстары 2016 жылдың аяғына дейін бітуі тиіс. Жобаның сағызша созылуы республикалық бюджеттен қаражаттың уақытында бөлінбеуіне байланысты»,-дейді мамандар.
Бауыржан Жұмажанов, Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары:
Биылдыққа қаражат тағы да қарастырылмаған, біз өтінім жасап отырмыз, басқа объектілерден ең бастысы бірінші, екінші кезекті бітіруіміз керек деп жоспарлап отырмыз. Соған байланысты деп ойлаймын.