«Қазфосфат», «Жамбылгипс», «Имстальком», «Луговой» жылқы зауыты және «Энерджи Тараз» секілді ірі кәсіпорындар бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы өндірістің өзегі саналады.
Бұл өндіріс орындары биылғы жылдың сәуірінен бастап өз қызметкерлерінің айлық жалақысын 10 пайызға көтеретіндерін мәлімдеді. Облыста алғаш рет өткен әлеуметтік әріптестік форумында бұл кәсіпорындар өзге кәсіпкерлерге жұмысшылар жалақысын көтеру туралы үндеу жариялады.
Нүрзия Лесбекова, «Қазфосфат» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары:
Жұмысшыларымыздың жұмыс жағдайының, табыстарының жақсарғаны әлеуметтік бағдарламаларды орындағанымыз, деп есептейміз. Елдегі жұмысшылардың жағдайы жақсы болуы керек. Әлеуметтік бағдарламаларға кейінгі жылдардың өзінде 650 миллион теңге жұмсадық.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ