Этносаясатты жүргізуге 180-ге жуық ғалым үлес қосуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Этносаясатты жүргізуге 180-ге жуық ғалым үлес қосуда

28.03.2014
Этносаясатты жүргізуге 180-ге жуық ғалым үлес қосуда
Сәуірде өтетін Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында «Қазақстан 2050: руханилық пен әлем мәдениеті және келісім» тақырыбы кеңінен талқыланады.
 
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ассамблея жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңестің төрайымы Айгүл Сәдуақасова хабарлады.
 
Оның сөзінше, бұл тақырыптар қоғамда аса өзекті. Сондай-ақ, аталмыш ғылыми-сараптамалық кеңес «Алаш» философиясы туралы арнайы жобаны қолға алған. 
 
Жоба аясында кезең-кезеңімен толеранттылық пен мемлекеттілік гуманизм және келісім мәселелері кеңінен насихатталады.
 
Айта кету керек, Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанында ғылыми-сараптамалық кеңестің құрылғанына биыл 3 жыл толды.
 
Осы уақыт аралығында барлық облыстарда ғылыми сараgшылық топтар құрылып, этносаясатты жүргізуге 180-нен астам отандық ғалым үлес қосып келеді.
 
Айгүл Сәдуақасова, Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрайымы
Осы жылдар аралығында 20-ға жуық ғылыми кітап шықты. 10-нан астам жобалар іске қосылды. Міне, осындай жұмыстар қазіргі таңда атқарылды. Ғалымдар ақпараттық, қоғамдық,  студенттік ортада әрбір этномәдени орталықпен бірге жұмыс жасап келеді.
 
 
Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу