Атырауда мемлекет қаржысын жымқырғандар қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда мемлекет қаржысын жымқырғандар қамалды

28.03.2014
Атырауда мемлекет қаржысын жымқырғандар қамалды

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «Атырау облыстық судағы спорт түрлері» коммуналдық- мемлекеттік қазыналы кәсіпорнының басшысы мен кадр бөлімінің жетекшісіне  қатысты қылмыстық іс қозғады. 

 
Аталған екі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 176-шы бабы үшінші бөлігінің «б және г» тармақтары бойынша сеніп тапсырылыған бөтеннің мүлкін иеленді немесе ысырап етті, деп айыпталуда.
 
Дәлірек айтқанда, олар қызмет бабын асыра пайдаланып, 2013 жылдың наурыз және қыркүйек айлары аралығында сеніп тапсырылған ірі көлемдегі қаражатты ұрлау мақсатында, іс жүзінде аталған мекемеде жұмыс істемейтін азаматтардың есеп -шоттарына ақшалай қаржы және кәсіпорын жұмысшыларына заңсыз сыйақы мен еңбекақысына қосымша төлемақыны аударған.
 
Осындай қылмыстық әрекеттері арқылы мемлекетке 90 миллионнан астам теңге көлемінде шығын келтірген. Қазір, қылмыстық іс тергеліп жатыр.
 
Заңғар Заңқанов, облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары:
Аталған мекемелердің жұмыс жасамайтын тұлғалардың есеп-шоттарына қаражат аударып, 1,3 миллион теңге көлемінде мемлекетке шығын әкелді. Тағы да екінші қылмыстық іс бойынша мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұза отырып, мемлекетке 90 миллион теңгеден астам шығын келтірді.
 
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу