Ассамблея екі партиямен меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ассамблея екі партиямен меморандумға қол қойды

28.03.2014
Ассамблея екі партиямен меморандумға қол қойды
Мүдделер мейлі сан қилы болсын, алдына қойған мұрат-мақсаттары түрлі болсын. Бірақ, барлық саяси күштер, елдің тұтастығы, ұлтаралық татулық дегенде бір ту астынан табылуы керек. Мұндай мәлімдеме, бүгін Қазақстан Халқы Ассамблеясының депутаттары өткізген жиынында айтылды.
 
Басқосуға  Ассамблея өкілдері мен қатар «Ақжол» партиясы мен Қазақстанның коммунистік партиялары қатысты. Шара соңында  екі үлкен саяси күш – Қазақстан Халық Ассамблеясымен меморандумға қол қойды. Мақсаты - қоғамдық келісімді түзу  дамыту бағытында бірлесіп жұмыс істеу.
 
Ералы Тоғжанов, Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:
Қандай саяси партия болмасын, қандай азаматтық ұйымдар болмасын, олардың негізгі бағыты - ел бірлігі, халықтың бірге қоян-қолтық араласып, бірге тұруы. Сондықтан осындай бағыттарда, қандай саяси мұраты болмасын, осы мынау қоғамдық келісімге бірігіп жұмыс істеуге тиіс болатын. Осындай ұсыныс көптен бері айтылып жүрді. Бүгін сол ұсыныс қабылданды. Бүгін қол қойылды.
 
 
Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу