Мәслихат депутаттарын сайлау 30 наурызда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәслихат депутаттарын сайлау 30 наурызда өтеді

28.03.2014
Мәслихат депутаттарын сайлау 30 наурызда өтеді
30 наурызда жергілікті мәслихаттардағы бос орындарға депутаттар сайлауы өтеді. Еліміздің Сайлау туралы заңнамаларына сәйкес мұндай сайлау 1 жылда екі рет, көктемде және күзде ұйымдастырылады.
 
Биыл Алматы облысы бойынша 3 округте аудандық мәслихаттарға депутаттар сайланады. Райымбек және Жамбыл аудандарынан 7 үміткер тіркеліп отыр. Халық қалаулыларын сайлауға 9 мыңдай тұрғын қатыспақшы. Қазір жауапты науқанға дайындық шаралары тағы бір рет пысықталуда. 
 
Шырақбай Жылқайдаров, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
3 округ бойынша 12 учаскелік комиссия жұмыс жасап жатыр. 9 мыңдай сайлаушымыз бар. Барлық үгіт-насихат жұмыстар аяқталуға жақын. Барлықучаскелердайын.
 
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу