Арнайы білім мекемелерінде заңсыздықтар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арнайы білім мекемелерінде заңсыздықтар анықталды

27.03.2014
Арнайы білім мекемелерінде заңсыздықтар анықталды
 
Астана қаласында дені сау 40 бала жалған құжатпен кемтар бүлдіршіндерге арналған оңалту балабақшаларында тәрбиеленіп келген.
 
Мүгедек балаларға арналған білім және денсаулық нысандарын тексерген құқық қорғаушылар осы саладағы біраз былықтың бетін ашты. Бұл туралы бүгін Астана қалалық прокуратурасында өткен жиында айтылды.
 
«Тексерудің қорытындысы Елордада кемтар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының тапшылығын көрсетті. Ал, жұмыс істеп жатқан мекемелердің материалдық-техникалық базасы жұтаң, санитарлық талаптар өрескел бұзылған және сурдолог, логопед сынды мамандар жетіспейді», дейді прокурорлар.
 
Қазір Астанада 7 мыңнан артық мүмкіндігі шектеулі бала бар. Соңғы үш жылда кемтар бүлдіршіндердің саны 16 пайызға өскен.
 
Шолпан Көшенова, прокурордың аға көмекшісі:
Көпшілігінде  медициналық-мемлекеттік лицензиялары жоқ. Сондай-ақ дәрі -дәрмекті сақтау бойынша, сатып алу заңдылықтары бойынша заңбұзушылықтар анықталды.
 
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ                     

Хабарламаларға жазылу