Қорғаныс министрлігінің өкілдері жетісулық жастармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс министрлігінің өкілдері жетісулық жастармен кездесті

21.03.2014
Қорғаныс министрлігінің өкілдері жетісулық жастармен кездесті

Қорғаныс министрлігінің өкілдері жетісулық жастармен кездесіп, отансүйгіштік тақырыбында әңгіме өрбітті.

 
«Жаңа қазақстандық патриотизмнің идеялық негізінде ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жатыр. Осы құндылықтарымызды қастерлеу арқылы мемлекет әлі де биік белестерді бағындыра алады», - деді Елбасының биылғы Жолдауын түсіндіре барған үгіт-насихат тобының мүшелері.
 
Олар өскелең ұрпақты өз Отанының патриоты болуға шақырды. Туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, оған қалтқысыз қызмет ету. Бұл - бүгінгі Қарулы Күштер қатарындағы әр жауынгердің мақсаты.
 
Алматы облысындағы әскери бөлімдер тығыз орналасқан қалаларды аралап жүрген үгіт-насихат тобының құрамында әскери оркестр мен жеке орындаушылар өнер көрсетті.
 
Қайрат Жүнісов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Елдің қарыштап дамуы үшін жастарға патриоттық тәрбие беруіміз керек.
 
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу