Оралда коммуналдық мекеме басшысының ісі сотқа жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда коммуналдық мекеме басшысының ісі сотқа жіберілді

19.03.2014
Оралда коммуналдық мекеме басшысының ісі сотқа жіберілді

Орал қаласында қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып, аса ірі мөлшерде мемлекет қаржысына қол салған «Жайықжылуқуат» АҚ бұрынғы директоры Ринат Нұрышевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 
Нұрышев құрған қылмыстық топқа заңды және жеке тұлғалар кірген. Серіктестік «Спецкомплектация» деп аталған.  Олар коммуналдық мекемеден қаржы қымқырудың заңсыз схемасын жасаған.
 
2011-2013 жылдар аралығында «Жайықжылуқуат» АҚ «Спецкомплектация» серіктестігімен мемлекеттік сатып алу туралы бес келісімшартқа отырған.
 
Бірақ, шартта көрсетілген бірқатар талаптар орындалмаса да, ақша жүйелі түрдк аударылып тұрған. Бұл аздай кәсіпорын басшысы жалған құжатпен құбыр сатып та қаржыны қалтаға басқандығы анықталды.
 
Элеонора Өтеғалиева, облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы:
Осылайша, 2011-2013 жылдары ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттері нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 140 миллион теңге көлемінде материалдық залал келтірілді.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу