Мейрам күндері Астанада бірқатар көшелер жабылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейрам күндері Астанада бірқатар көшелер жабылады

18.03.2014
Мейрам күндері Астанада бірқатар көшелер жабылады
Мереке күндері Астанадағы тәртіпті 2 мың полицей қадағалайды. Оның 500-і жол қауіпсіздігіне жауапты. Бұл туралы Ішкі істер департаментінің бүгінгі брифингінде айтылды.
 
Сондай-ақ, мейрам кезінде, «Қазақ елі» монументі орналасқан Тәуелсіздік даңғылымен қиылысатын және оған параллель жатқан көшелер жабылады.
 
Уақытша шектеу наурыздың 21-23 аралығында таңғы сағат 8-ден бастап, іс-шаралар аяқталғанға дейін жалғасады. Осы үш күнде көлігі барлардың Орынбор көшесіндегі айналма жолмен жүргендері дұрыс.
 
Мұны Астана қалалық Әкімшілік-полициясы басқармасы басты іс-шаралар өтетін «Қазақ елі» монументінің алды қауіпсіз болуы әрі кептеліс болмас үшін қолға алып отыр.
 
Жауапты орган наурыздың 21-і күні «Әзірет Сұлтан» мешітіне жұма намазына баратын жамағаттың да жайын ескерген.
 
Жомарт Дәуменов, Астана қалалық Жолаушыларды тасымалдау орталығы директорының орынбасары:
Жұма намазына байланысты сағат 11:00-ден бастап, 15:00-ге дейін жүретін маршруттарға қосымша тағы 4 автобусты қосып отырмыз. Олар №26, №41, №35, №46 бағдарлар.
 
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу