Жол-көлік оқиғаларының басты себебі - жүргізушілердің жол ережелерін өрескел бұзуы. Бір ғана Алматы облысы бойынша былтыр көлік апатынан 400 адам мерт болып, 1400-ден астамы әртүрлі дене жарақатын алған.
Көліктердің техникалық жағдайы және жолдардың уақтылы жөнделмеуі бұл көрсеткіштерді еселеп отыр. Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін «Нұр Отан» партиясы мен тәртіп сақшылары жиі-жиі жол жиегінде қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырады.
Арнайы жабдықталған автокөлікке мінген мамандар аудан, қалалардың кіреберіс жолдарында жүргізушілерді тоқтатып, жол қауіпсіздігі туралы үгіт-насихат жүргізсе, нұротандықтар жолаушылардың арыз-шағымдарын қабылдады.
Садық Әбдіқадыров, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары:
Осы мәселені шешу үшін жұртшылыққа жағдайды түсіндіріп, жүргізушілермен сөйлесіп, сауалнама өткізудеміз. Халықпен байланысты нығайту - мақсатымыз.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ