Қыс ызғары қайта бастағаннан бері Семейдің орталық базар аумағындағы көшелерін су ала бастады. Ақпарат агенттіктері таратқан мәлімет бойынша, саудагерлер тауарларын сақтап қалу үшін қолдан бөгет тұрғызып, суды шелекпен тасып төгуде. Десе де, қызылсу бой берер емес.
Бұған дейін де хабарлағанымыздай, қаланың бұл аумағында суағар арықтар жоқ, сол себепті мамандар өрт сөндіру техникасының көмегіне жүгінуге мәжбүр.