Бүгінде 250 мыңнан астам жас еліміздің саяси партияларының құрамында. Сондай-ақ, әкімшілік және мемлекеттік органдарда олардың үлесі жылдан-жылға артып отыр.
Бұл туралы бүгін «Қазақстан жастары-2013» баяндамасында айтылды. Жастардың жағдайын зерттеу мақсатымен өткен жылы 19-29 жастағы азаматтармен сауалнама жүргізіліген. Сол кезде олар өздерін толғандырған мәселелерді айтқан. Көп ретте олар жұмыс көзін таба алмай сенделіп қалады екен.
Тек бұл емес, олар басқа да мәселелерді Жастар ісі комитетімен бірігіп шеше алады. Өйткені, бұл мекеме жастарға жол сілтеп, болашағының баянды болуына күш салады.
Жанар Бұқанова, ҒЗО «Жастар» ЖШС директоры:
Білім алмаған, жұмыс істемейтін жастардың тізімін енгіздік. Сол мәселені қарастырып, зерттейміз. Дипломы бар жұмыссыздардың көрсеткіші өте жоғары болып тұр. Себебі, мамандық таңдаған кезде кәсіби біліктілікке назар аудармаймыз.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ