Атырауда «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қолдауға арналған патриоттық акция өтті.
Мақсат - «Мәңгілік ел» идеясының негізгі 7 құндылығын түсіндіру, халық алдында тұрған міндеттерді іске асыруға, парасатты қоғам құруға, ұлы мақсаттың айналасына ұйысуға шақыру.
Акция барысында сөз алғандар осынау маңызды құжат еліміздің тұрақты дамуын, барша қазақстандықтардың жағдайын жақсартуға бағытталған бірегей патриоттық тұжырымдама екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, Қазақстанның даму стратегиясы жастарға арналғандықтан, оны жүзеге асырып, жемісін көретін де жастар екенін тілге тиек етті.
Атыраулық жастар болса, өз тараптарынан еңселі елдің ертеңі үшін бар күш-жігерлерін салып, қызмет ететіндерін айтты.
Дәулет Мойынбаев, студент:
«Мәңгілік ел» жастардың қолында болғандықтан, біз - осы елдің тірегіміз. Жас патриоттар осы форумға, Жолдауға қолдау көрсетіп, атсалысып отырмыз. «Мәңгілік ел» жасасын!