Отбасын жоспарлау - маңызды іс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отбасын жоспарлау - маңызды іс

15.03.2014
Отбасын жоспарлау - маңызды іс
Ақтау қаласындағы перзентханада жас аналарды баланы күтіп бағуға үйрететін дәрістер өтіп жатыр. Шара «Денсаулыққа 7 қадам» марафоны аясында ұйымдастырылған. Мақсат- ана мен бала өлімін болдырмау, сырқаттарды ерте анықтап, салауатты өмір салтын насихаттау.
 
Перзентханадағы «Ана мен бала» мектебінде білікті дәрігерлер жүкті әйелдерге дұрыс босану тәсілдерін үйретсе, балалы аналарға бөбекті күтіп-баптау жолдары көрсетілді. Өйткені, адам денсаулығының мықты болуының 50 пайызы оның өмір сүру салтына тікелей байланысты, дейді мамандар.
 
Жанат Майсақова, жас ана:
Көптен күткен тұңғыш баламыз. Қуаныштымыз. Бізге баланы қалай күтуді, емізуді көрсетіп жатыр. Босану тәсілдерін көрсетті. Сол ақыл-кеңесті тыңдап аман-есен босандым.
 
Амангүл Жайылханова, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры:
Бұл жерде аналарға кеңес берілді және жүктілік мерзімі туралы айтылды. Мезгілсіз, жоспарсыз жүктілік әйелдердің денсаулығына зиянды. Мамандар өз кеңестерін беріп тренинг өткізді.
 
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу