Жастар - Мәңгілік елдің болашағы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар - Мәңгілік елдің болашағы

15.03.2014
Жастар - Мәңгілік елдің болашағы
«Жастар - Мәңгілік елдің болашағы». Осындай ұранмен Оралда басталған республикалық акция, бүгін Астанада мәресіне жетті.
 
Еуразия Ұлттық университетіне жиналған мыңға жуық жас - күн орнап, қыран қонған туымызды тік ұстап, «Мәңгілік ел! Мәңгілік тіл! Мәңгілік Ррух» деп ұрандатты.
 
Ал шара барысында шырқалған ұлттық рухтағы әндерден шабыт алған депутат Бақытбек Смағұл айтарын екі шумақ өлеңге сыйғызды.
 
Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Неге де болса, қанағат деген,
Қанаған ғұмыр саламат неткен.
Мәңгілік ел болу бабалар жолы,
Бірлікті бізге аманат еткен.
 
Қазақтың мынау ән қылып нарқын,
Жайнайды қайта жаңғырып салтым.
Бірлік бар жерде, тірлік бар деген,
Тірліктің аты мәңгілік халқым.
 
 
Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу