Коммуналдық қызмет пен тауар бағаларының өсуі, баспананың қымбат болуы, көлік жолдары сапасының төмендігі. Бүгінде халықты толғандырған мәселелер - осылар.
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында өткен жиында айтылды.
Қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында партия тәуелсіз әлеуметтік зерттеулер арқылы тұрғындардың ахуалы сараптаған. Өзекті деген проблемалар тізімі бекітілген. Енді осылар партияның және жергілікті атқарушы органдар қолдауымен рет-ретімен шешімін таппақ.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ