Бюджет қаржысын қымқырған пошташылар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бюджет қаржысын қымқырған пошташылар сотталды

13.03.2014
Бюджет қаржысын қымқырған пошташылар сотталды
Батыс Қазақстан облысындағы «Қазпошта» АҚ-ның қызметкерлері тағы да тұтылды. Қаңтар айында жетім балалардың ақшасын жымқырған бөлім басшысына айып тағылса, енді бюджеттік қаржыны қалтасына басқан қызметкерлердің бір тобы темір тордың ар жағына аттанды.
 
Істі болғандар - акционерлік қоғамның Сырым аудандық пошта байланысы бөлімінің басшысы, бас есепшісі және бас кассирі. Олар алдын ала сөз байласа отырып, 2010-2012 жылдар аралығында ірі көлемдегі қаржыны қолды қылған. Құқық бұзушылық қаржы полициясы жүргізген кешенді тексеру барысында анықталды.
 
Мәншүк Харесова, Қаржы полицясы басқармасының баспасөз хатшысы:
Сол уақыт аралығында 12,8 миллион теңге ұрланғаны анықталды. Сырым аудандық сотының үкімімен Терлікбаева, Нұрғали және Махметовтер әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
 
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу