«Жолдағы қабылдау». Бүгін осылай аталатын республикалық акция басталды. Астанадағы акция халық көп жүретін орындарда және «Шеп» бақылау бекеті мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтті. Онда Әкімшілік полиция басқармасының басшылығы мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері тұрғындарды қабылдап, сұрақтарына жауап берді.
Мақсат - жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңнаманы түсіндіріп, жүргізушілерге құқықтық көмек көрсету. Сондай-ақ, полиция жұмысына қатысты келушілердің арасында сауалнама жүргізілді. Акция кешкі сағат алтыға дейін жалғасады.
Нұрболат Тұяқбаев, жүргізуші:
Әкімшілік полиция қызметкері жағынан қателіктер, көңілің толмайтын жағдайлар бола ма деген сұрақтар болды. Бәріне анонимді түрде жауап бердім. Бәрі дұрыс. Шағымым жоқ.
Бақытжан Алтыбай, Астана қалалық Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:
Халық тарапынан көбіне көлік құралын тіркеу, оны есептен шығару, соңғы кездегі өзгерістерге қатысты сұрақтар болды. Содан кейін жолда жүрген кезде қызметкердің тоқтату тәртібінің заңды, заңсыз тұстары айтылды.
Досымжан ЕРМҰРАТ