Мереке күндері Талдықорғанда 30-дан астам сәби дүниеге келді. Нәрестелердің көбі – қыздар. Алматы облыстық перинатальдық орталығында ақ халатты абзал жандар аналардың қол аяғын бауырына басуына атсалысты.
10-нан астам ана операция арқылы баласын дүниеге әкелді. Бәрі де аман-есен. Осылайша ана болу бақыты әйелдер мерекесімен ұштасып, қуаныш қуанышқа ұласты.
Айжан Өмірзақова, босану бөлімінің дәрігері:
Мерекеге қарамастан 30-шақты адам жұмыс істейді. Оның көбісі әйелдер. Қазақстан демографиялық жағдайын көтеруге атсалысып, бәріміз сол үшін жұмыс істей берейік. Дүниеге сәбилер көп келе берсін.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ