Заңсыз діни бірлестіктің қызметі әшкереленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз діни бірлестіктің қызметі әшкереленді

10.03.2014
Заңсыз діни бірлестіктің қызметі әшкереленді

Қызылорда облыстық прокуратурасы заңсыз діни бірлестіктің жұмысын жүргізген азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғады. Қызылорда қаласының тұрғыны бірлестікке басшылық жасаған, әрі қаладағы тұрғын үйлердің бірінде өз ағымының идеологиясын уағыздаған.

 
Оған қатысушылардың қатарында кәмелет жасына толмаған балалар да бар. Жинақталған құжаттар бойынша белгілі болғаны, олар аптасына үш рет кездесіп отырған. Тексеру барысында сондай-ақ, түрлі діни кітаптар тәркіленді.
 
Нүркен Тұрғанбаев, облыстық прокуратураның бөлім бастығы:
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2014 жылғы 27 ақпандағы қаулысымен Қызылорда қаласының тұрғыны Ю.А Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 374-1 бабының 1-тармағымен кінәлі деп танылды. Қазіргі таңда сот қаулысы күшіне енген жоқ.
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу