08 наурыз 20:30 Басып шығару Қазақ әйелдерінің қоғамдағы орны ерекше - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

08 наурыз 20:30 Басып шығару Қазақ әйелдерінің қоғамдағы орны ерекше

08.03.2014
08 наурыз 20:30   Басып шығару Қазақ әйелдерінің қоғамдағы орны ерекше

Ескендір Хасанғалиевтің «Гүлсезім» әнін білмейтін қазақ кемде-кем. Ал осы әннің сөзін жазған қаламгер Мәскеу қаласында тұрады. Ол белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты - Тұрсынай Оразбаева. Өзге елде жүрсе де, қазақ қызы деген аттты абыроймен алып жүрген сегіз қырлы, бір сырлы жан.

 
Тұрсынай Оразбаеваның Мәскеуде тұрып жатқанына 17 жыл болды. Ол Қазақстан мен Ресейге қатар танылған белгілі ақын, композитор. Әр жылдары шыққан жыр жинақтары қалың қауымға танымал. Ақынның аналарға деген құрметі ерекше. Онысы шығармашылығынан да көрініс тапқан.
 
Тұрсынай Оразбаева, ақын, «Құрмет» орденінің иегері:
Шынында да аналардың орны ерекше ғой. Қоғамда болсын, жеке әрбір жанұяда болсын анасыз өмір өмір ме?! Ұл үшін де, қыз үшін де, тіпті ер азаматқа да әйел заты, әйел халқы қашанда қадірлі. Жанұяның тірегі, бүкіл тіршілігін ұстап отыратын ана.  
 
Тұрсынай Оразбаева Саха-Якутия Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Түрлі халықаралық әдеби байқаулардың жеңімпазы. Қаламгер ретінде Қазақстан мен Ресейдің әдеби байланысын арттыруға қосқан еңбегі бір төбе.
 
Ол ақындығымен қатар қоғамдық қызметті де абыроймен атқарып жүр. Мәскеудегі қазақ ұлттық мәдени автономиясының төрайымы ретінде, жергілікті диаспора өткізетін шаралардың үнемі басы-қасында.
 
Тұрсынай Оразбаева, ақын, «Құрмет» орденінің иегері:
Үлкен қоғами қызметтерден де қалмай жүгіретін аналар бар екенін бүкіл әлем біледі. Президент болып жатқан әйелдер қаншама. Лауазымды қызметте жүргендер көп. Біздің қазақта да ертеректе  шыққан, қазір де мақтанып айтарлық қыз-келіншек, аналар жетерлік.
 
Ұстамдылық пен сыпайылық қазақ қыздарына тән ерекше қасиет. Сондықтан біздің қоғамда әйел қауымына деген құрмет ерекше. Жат жұрт, бөтен ортада жүрсе де, Мәскеулік қандастарымыз да осы қазақы қалпынан айныған жоқ.
 
 
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу