Павлодарда жүз жасаған алты абыз ана бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жүз жасаған алты абыз ана бар

08.03.2014
Павлодарда жүз жасаған алты абыз ана бар

Бағалы сыйлық емес, адамға адамның ілтипаты қымбат. Бұл - павлодарлық қария Кәмеш Қайырбекованың пікірі. Жалпы қазіргі уақытта Кереку өңірінде жасы 100-ден асқан көкірегі шежіреге толы алты абыз ана бар.

 
1912 жылы Май ауданына қарасты Еңбекші ауылында дүниеге келген Кәмеш әже биыл 102 жасқа толды. Қария «Батыр ана» атағын Кеңестік заманда алған екен. Аман-есен ержеткен 12 баласынан 15 немере, 30 шөбере көріп отыр. Тіптен, бүгінде шөпшектерін де бауырына басып тәрбиелеп жатыр.
 
Облыс әкімі Қанат Бозымбаев қос ғасыр куәгерін Әйелдер күнімен құттықтап, сый-сияпат жасады. Ауылда тұрдым, жастайымнан еңбекке араластым. Зейнет жасына шыққаннан соң да жұмыстан қол үзген жоқпын. Ұзақ ғұмыр кешуімнің бар құпиясы осы ғана, дейді Кәмеш Қайырбекова.
 
Кәмеш Қайырбекова, 102 жастағы ана:
Тілектер қабыл болсын! Бәрімізге жақсылық тілеймін.
 
 
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу