Қыз-келіншектер қандай сый-сияпат күтеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыз-келіншектер қандай сый-сияпат күтеді?

07.03.2014
Қыз-келіншектер қандай сый-сияпат күтеді?
Мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектер осы шуақты мерекеде әріптестерінен қандай сый-сияпат күтеді? Бүгін Астанадағы 6 бірдей Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрымдылары өз ойларымен бөлісті.
Онда 400-ден астам қыз-келіншек қызмет ететінін ескерсек, 400 тілектің бары анық. Мемлекеттік қызметтің тізгінін ұстаған азаматшалардың бір парасының пікірін білдік.  
 
Нұргүл Усаинова, Астана қаласы Алматы ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім инспекторы:  
Кешеден бері ұжым бізді мерекемен құттықтап, әртүрлі сый-сияпат беріп жатыр. Біз оған өте ризамыз. Енді, негізі мен осы мейрамға көбірек сыйақы берілгенін қалар едім. Оны өзімнің керек-жарағыма жаратар едім.
 
Венера Сыдықова, Астана қаласы Алматы ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлім инспекторы:
Біз халықпен жұмыс істегендіктен тұтынушылар қаламымды жиі алып кетіп жатады. Сондықтан, біздің ұжымның қызметкерлері маған бір қорап қалам сыйласа тіпті керемет болар еді.
 
Ақерке Дінмұханбетова, Астана қаласы Алматы ауданы Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы:
Ерік берсе, адамның арманында шек жоқ. Бірақ 8 наурыз мерекесінде әйел затына гүлден артық сыйлық жоқ.
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу