Бүгін Сыртқы істер министрлігінде елімізде ресми тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері мен халықаралық ұйым өкілдеріне арналған брифинг өтті.
Аталған жиында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов діни бірлестіктердің халықаралық міндетемелерге сай әрекет етуі мен қазақстандағы діни ахуал жөнінде әңгімелеп берді.
Министр жиналғандарды елімздегі діни заңнаманың ерекшеліктері мен оның орындалу барысы туралы хабардар етті. Бұдан бөлек, Дін істері агенттігінің «Қазақстандағы дін еркіндігі» тақырыбындағы баяндамасы ағылшын тілінде таныстырылды.