Батыр аналар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыр аналар марапатталды

06.03.2014
Батыр аналар марапатталды
 
Аналар қашанда қоғам назарында. Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы бір топ ананы көктемнің алғашқы мерекесі - Әйелдер күнімен құттықтады.
 
Филиал мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен көп балалы батыр аналарға тілек білдіріп, сыйлықтар табыс етті. Филиал төрағасының бірінші орынбасары Әлия Қайшарова еліміздегі қамқорлыққа мұқтаж азаматтарға көңіл бөліп, барынша жағдай жасау - міндет екеніне тоқталды.
 
Айта кетейік, «Бірлік» филиалының ұйымдастыруымен өтетін мұндай мерекелік шаралар дәстүрге айналған. Халқымызды қуанышқа бөлейтін түрлі жобалар болашақта да жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.

Хабарламаларға жазылу