Филиал мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен көп балалы батыр аналарға тілек білдіріп, сыйлықтар табыс етті. Филиал төрағасының бірінші орынбасары Әлия Қайшарова еліміздегі қамқорлыққа мұқтаж азаматтарға көңіл бөліп, барынша жағдай жасау - міндет екеніне тоқталды.
Айта кетейік, «Бірлік» филиалының ұйымдастыруымен өтетін мұндай мерекелік шаралар дәстүрге айналған. Халқымызды қуанышқа бөлейтін түрлі жобалар болашақта да жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.