Оңтүстік Қазақстанда пара алды деген күдікпен сот орындаушылары бөлімінің қызметкері ұсталды. Арыс аудандық сот орындаушысы оң шешім қабылдап беруі үшін ауыл тұрғынынан 100 мың теңге көлемінде пара талап еткен.
Заңсыздыққа тап болған азаматша қаржы полицясына шағымданады. Нәтижесінде оңай олжаға кенелмек болған сот орындаушысы параны алып жатқан жерінде қолға түсті. Бүгінде осы іске қатысты пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Эльвира Қадірсізова , облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының баспасөз хатшысы:
Аталған тұлғаға қатысты үлкен көлемде пара алу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 311 бабының екінші бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ