Құрылысы аяқталмаған нысандар көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрылысы аяқталмаған нысандар көп

05.03.2014
Құрылысы аяқталмаған нысандар көп

Мектеп, ауруханалар мен емханалардың тапсырылуға тиісті мерзімінен кешіктірілуі  «сәнге» айналып кетті. Тіпті, кейбір нысандар  еш есеп-қисапсыз жоспарға еніп кеткен. Солардың бірі - Павлодардағы «Sport City» кешенінің құрылысы.

 
Болат Аманбаев, тілші:
Павлодарда «Sport City»-дің  дәл осы аумақта салыну-салынбауы енді екіталай. Біріншіден, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы жобада жоқ. Екіншіден, экологиялық сараптама жасалмаған. Айнала зауыт, кәсіпорындар.
 
Өндірстік аумақта бәйге ұйымдастыру, суға жүзу немесе спортпен айналысудың қаншалықты маңызы болмақ? Осыған байланысты облыс әкімі Қанат Бозымбаев құрылысты тоқтатуға жарлық берді. Алып нысанның әзірге іргетасы ғана бар. 
 
Азиғар Шәріпов, «Спорт сервис» мемлекеттік кәсіпорынының директоры:
Алдын ала төленген қаржы бар. Сол көлемдегі жұмыстарды мердігер аяқтауы керек. Содан кейін облыс әкімінің жарлығы бойынша жұмыс тоқтатылады. Жарық, су, жылу беру мәселелері әлі шешілген жоқ.  
 
Ал, қосқабатты мына ескі үйлердің орнында «Сарыарқа» мөлтек ауданы бой көтеруге тиіс болатын. Бес үй бұзылды. Бірақ, биыл тапсырылады деп жоспарланған 12 қабатты үйдің қабырғасын көруге зар тұрғындар. Валентина Павлова ескі үйінің орнына айына бір келеді.
 
Валентина Павлова, зейнеткер:
Екі бөлмелі үйім болды. Қазір бес адам уақытша паналауға берілген бір бөлмелі пәтерде тұрамыз. Бізді алдап соқты. Құрылыс тоқтап тұр.
 
Қалалық Құрылыс бөліміндегілер де уәде беруден жалықпайды.
 
Ертарғын Шахман, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:
Біз оны бітіреміз, дедік, бітіреміз. Егер оны аяқтамасақ, қалған үйлердің барлығы тұрады.
 
Құрылысы қаңтарылып тұрған нысандардың бірі - Архистратиг Михаил шіркеуі. Ресейлік кәсіпкер 30 миллион теңге қаржы бөлген екен. Қолды болыпты. Қаржы полициясы іздеп жатыр.
 
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу