Алматы әуежайындағы жағдай тұрақтанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайындағы жағдай тұрақтанды

05.03.2014
Алматы әуежайындағы жағдай тұрақтанды
 
Қалың тұман салдарынан бүгін «Air Astana» әуе компаниясының халықаралық 14 әуе рейсі кейінге шегерілді. Алайда, компания өкілдері әуежайда жолаушыларға қолайсыздық тумас үшін барлық қажетті шараларды қолға алды.
 
Астанадан ұшып шыққан жолаушылар ұшағы да ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Алматыға қона алмай, Қарағандыдағы қосалқы аэродромға аялдауға мәжбүр болды. Ал Прага, Лондон, Стамбул, Әбу-Дабиге жолға шыққан жолаушылар рейстерін 3-4 сағат аэропортта күтулеріне тура келді.
 
Сондай-ақ, қалың тұман кесірінен «SCAT» әуе компаниясының Семей және Қарағанды бағыттарындағы рейстерінің кідіруіне де әсер етті. Дегенмен түс ауа жағдай қалыпқа түсті.

Хабарламаларға жазылу