Өткен жылы Құқықтық статистика комитетіне 22 мыңнан астам кәсіпкердің арыз-шағымы тіркеліпті. Ең сорақысы, оның 75 пайызы расталған. Сондықтан, Президент жариялаған мораторийді ел кәсіпкерлері өз істерін жолға қоюда, жаңа жобаларды іске асыруда барынша тиімді пайдалана білгені жөн.
Орталық коммуникациялар қызметінің брифингіне келген Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының басшысы Азат Перуашев осылай деді.
Бүгінде шағын және орта бизнес саласында 1 миллион кәсіпкер өз ісін ашқан. Олар кәсіптері арқылы 3 миллион адамды жұмыспен қамтып отыр. Халық қалаулысы кәсіпкерлерге қолдау көрсетуде әсіресе, отандық өндірушілер ерекше назарда болуы тиіс деп санайды.
Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі:
Мемлекеттік органдар тек шағын бизнеске назар аударуда. Орта бизнес өкілдеріне қамқорлық, көмек жеткілікті деңгейде емес.
Шынар АСАНҚЫЗЫ