Бауыржан Байбек дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Байбек дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті

27.02.2014
Бауыржан Байбек дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті
 
«Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында «Қазақстан 2050» Cтратегиясын жүзеге асыру, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту жұмыстары әңгіме өзегіне айналды.
 
Сондай-ақ бүгін «Электрондық партия» жобасы жөнінде де мағлұмат берілді. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесі талай кезек күттірмейтін проблемаларды шешуге себеп болды.
 
Айта кетерлігі, елімізде барлығы 240 қоғамдық қабылдау жұмыс істейді. Өткен жылы оған 800 мың адам жүгініп, 130 мыңы мемлекеттік органдарға жіберілді.
 
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу