Сондай-ақ, ұсталған азаматтың тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында полиэтилен пакетке салынған 1 келі марихуана тәркіленді. Есірткіні сақтаумен және сатумен айналысқаны үшін қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Қайрат Қонақбаев, Есірткі бизнесімен күрес басқармасының бөлім басшысы:
Есірткі затымен айналысқаны үшін бұл азамат бұған дейін сотталған болатын. Тәртібі ескеріліп, мерзімінен бұрын босатылған. Алайда, ескі әдетінен арылмай, қайтадан қолға түсіп отыр.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ