Жазасын өтеушілер жұмыссыз қалмауы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазасын өтеушілер жұмыссыз қалмауы тиіс

26.02.2014
Жазасын өтеушілер жұмыссыз қалмауы тиіс

 

 

 

 

Жазасын өтеушілер жұмыссыз босқа жатпауы тиіс. Ақтауда прокурорлар ұйымдастырған дөңгелек үстелде тағдыр талқысына түскен азаматтарды еңбекпен қамту мәселесі талқыланды.
 
Кәсіпкерлерді қала мен ауылда ғана емес, қапас ішінде де кәсібін өркендетуге шақырды. Сол арқылы жазасын өтеушілерге жұмыс табуға болады, деген ұйғарым жасалды. Маңғыстау облысында 3 тәртіп түзеу мекемесі бар. Оның 2-еуі қатаң режимдегі колонния болса, біреуі уақытша ұстау абақтысы. Онда 2 мыңнан астам адам жазасын өтеуде.
 
Қазір сотталғандардың 70 пайызға жуығы қол қусырып бос жатыр екен. Түрме ішінде темірден түрлі бұйымдар құрастырылады, наубайхана мен тігін цехтары да бар.Мұның өзі тек түрмеге қажетті заттарды жасаумен шектеледі, сырттан тапсырыс түспейді.
 
Тимур Гашимов, Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары:
Түрмеден босап шыққандар қоғамға бейімделе алмайды. Тұрақты тіркеуде жоқ, жұмысқа алмайды. Олар қылмысқа қайта ұрынады. Мәселен, жұмыспен қамту мекемелеріне өтініш берген 50 адамның тек 16-ы жұмыс тапты.
 
Оңғали Сұлтанов, облыстық прокуратураның басқарма бастығы:
Биылғы жылы түзеу коллонияларында жұмысқа орналасқандар 33 пайызды құрады. Бұл аз. Кәсіпкерлерді тартып, цехтар ашу туралы өз ойларын жеткізді. Біз соны бақылап,   әрі қарай жүзеге асуына мүмкіндік береміз.
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу