Италиялық Ламберто Заньер 2011 жылы ұйымға мүше 56 мемлекеттің министрлер кеңесінің шешімімен Бас хатшы болып тағайындалған еді. Лауазымды тұлға наурыздың 3-4 күндері Астанаға ат басын бұрады.
Ал, Үкімет басшысы Серік Ахметов осы аптада «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «ҚазМұнайГаз» компаниясының жылдық есеп беру жиындарына қатысады деп жоспарланып отыр.
Алтай Әбибуллаев, Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі:
Осы ретте «Самұрық-Қазына» және «ҚазМұнайГаз» басшылары біздің орталықтың брифингіне келіп, отырыстағы маңызды мәселелерге тоқталып, сұрақтарға жауап береді. 26 ақпанда Бейжіңде Қазақстан-Қытай комитетінің сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша кіші комитетінің жетінші отырысы өтетінін хабарлаймын.
Шынар АСАНҚЫЗЫ