Мәселен, сондай жанның бірі - Мәскеу халықаралық жоғарғы бизнес мектебінің ректоры Станислав Савин. Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің қызметкерлерімен кездескен ол Жолдауды жоғары бағалады.
Оның айтуынша, қазақ елінде интеллектуалды потенциалды арттыруға ерекше назар аударылып отыр. Тіпті Жолдаудың білім саласына қатысты тұсы Ресейге де үлгі боларлық. Сондықтан, құжатта көрсетілген мәселелер өзге елдердің де қызығушылығын арттыруда.
Станислав Савин, Мәскеу халықаралық жоғарғы бизнес мектебінің ректоры:
Менің ойымша, Жолдауда бүкіл адамзаттың алдында тұрған маңызды проблемалар көтеріліп отыр. Олардың көпшілігі Қазақстан ғана емес, Ресей үшін де маңызды. Сондықтан, Жолдауды ерекше ықыласпен оқып шықтым. Ең бастысы, бұл құжатта қазір әлемді алаңдатып отырған сұрақтарға нақты жауап берілген. Сонымен қатар, маған білім саласына, адами капиталды дамытуға көңіл бөлінгені қуантты. Себебі, елдің экономикасын дамытып, өндірісін көркейтетін - кадрлар. Яғни, Қазақстан Президенті осыны терең түсініп отыр деген сөз.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ