Қыс қаһарына мінді. Өткен тәулік ішінде елімізде 246 жолаушы мен 48 техника қар бөгетінен құтқарылды. Ақтүтек боранның салдарынан, Алматы облысының өзінде 13 техника мен 45 адам жолда қалған. Сондай-ақ, Қарағанды облысында да көлік қозғалысы қиындаған. Мұнда, бір тәуліктің ішінде 25 адам мен 8 автокөлікке көмек көрсетілді. Мамандардың айтуынша, ауа райының тұрақсыздығы алдағы күндері де сақталатын болады. Осыған орай, жақын күндері алыс сапарға шықпауды ескертеді.
Ләззат Керімова, «Қазгидромет» РМК басқармасының жетекші инженері:
Қазақстан аймақтарына антициклонның енуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Көп жерлерде қар жауады, бұрқасын болады, жел күшейеді. Бүгін түнде батыста -30 градусқа дейін төмендесе, ал солтүстікте, орталықта, шығыста -30-32 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста -15, -20, кей жерлерде -20-25 градусқа дейін төмендейді.