Бір ауысымда 4-5 адам отыру керек. Ал қазір жеңілдетілді де оның бәрі компьютермен басқарылады. Электронды болған соң қазір ауысымда екі адам. Олар 4-5 адамның қызметін атқара алады.
Шу ауданында бүгінде 100 мыңнан астам халық тұрады. Ал бір ғана Тасөткелде өндірілген қуат көзі аймақтың тең жартысын жарықтандыруға жетеді. Компания келісім бойынша шығарған өнімін 6 жылға дейін электр тарату мекемелеріне беруге міндеттелген.
Ага Агаев, компания директорының орынбасары:
Жоба бойынша жоғары жағын дамбылау керек. Соны нығайтқанда барып 620 миллион КВатт ұстауға болады. Ал қазіргі таңда біз 440-тан аса алмаймыз.