Алматы әкімі тұрғындармен есептік кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әкімі тұрғындармен есептік кездесу өткізді

20.02.2014
Алматы әкімі тұрғындармен есептік кездесу өткізді
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында көрсетілген басым бағыттарын назарға ала отырып, өткен жылы Алматы - «Қазақстан-2050» стратегиясын орындаудағы алғашқы нәтижелерін көрсетті. Салықтық түсімдерден бастап, кәсіпкерлік пен өндірісте, ғылым мен білімде, спорт пен мәдениетте, көлік пен әлеуметтік салаларда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Елдегі жалпы ішкі өнімнің 18,3 пайызын, мемлекеттік бюджеттің барлық кірісінің 28 пайызын берді. Бұл туралы қала басшысы бүгін тұрғындармен есептік кездесуінде айтты. Алқалы жиында қала жетістігін жіліктеп, алда атқарылар ауқымды жұмыстармен бөліскен Ахметжан Есімов қоғам назарындағы теңге бағамының өзгеруіне де тоқталып өтті.
 
Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:
Кеше Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қала әкімдігінің арасында астық бағасын реттеу турасында меморандумға қол қойылды. Енді қалада нан бағасы көтерілмейді. Теңге бағамының өзгеруі мегаполистің биылға арналған кей жобаларымен бюджетіне белгілі өзгерістер әкелуі мүмкін, бірақ бірден айтайын қаланың әлеуметтік бағдарламасы толығымен сақталады.
 
Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу