Дәрі-дәрмек қымбаттамайды (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрі-дәрмек қымбаттамайды (толығырақ)

20.02.2014
Дәрі-дәрмек қымбаттамайды (толығырақ)
Дәрі-дәрмек қымбаттамайды. Бұған еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі кепілдік беріп отыр. Кеше кейбір ақпарат көздерінде дәрі бағасы жүз пайызға қымбаттады деген хабар тараған еді. Онда бағаны өсіруге Денсаулық сақтау министрлігі келісімін берген делінген.
 
Алайда бұл хабардың жалған екендігі анықталды. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері мұндай мәліметтің шындыққа жанаспайтындығын жеткізді. Мамандардың айтуынша, ақпанның 12-сі күні бірнеше фармацевтикалық компаниямен дәрі-дәрмекті қымбаттатпау туралы меморандумға қол қойған. Онда қарапайым халық көп қолданатын 270 түрлі дәрінің тізімі бар.
 
Келісім бойынша бұл өнімнің бағасы бір жылға дейін өзгермеуі керек. Данияр Меңілбеков, ҚР ДСМ ресми өкілі: Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі дәрінің бағасы туралы жалған ақпарат таратқан БАҚ-на қатысты құзырлы органдарға шығамдану мәселесін қарастырады.

Хабарламаларға жазылу