Бөлесін өлтіріп, 19 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бөлесін өлтіріп, 19 жылға сотталды

18.02.2014
Бөлесін өлтіріп, 19 жылға сотталды
Тараз қаласы прокурорының көмекшісін өлтірген азамат 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Естеріңізге сала кетсек, қанды оқиға өткен жылдың қазан айында болған.
 
Прокуратура қызметкерін өз үйінде 22 жастағы бөлесі соққыға жығып, 17 жерінен пышақтаған. Жәбірленуші жантәсілім ете қоймаған соң, басынан тағы екі рет мылтықпен атып, із жасырады.
 
Қандықол жігітті оқиға болған күннің ертеңінде полиция қызметкерлері Алматыға қарай кетіп бара жатқан жерінде қолға түсірді. Айыпталушының тергеу кезінде және сотта берген жауаптарына қарағанда, жанжалға екі азамат арасындағы ақша алыс-беріс себеп болған. Сотты болған азамат енді жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.  
 
Талғат Сырлыбаев, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:
Сотталған Әлібеков сот мәжілісінде өз кінәсін ішінара мойындады. Сонымен қатар, өзі жасаған қылымысын ашу үстінде жасадым, дегенді алға тартып отыр.
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу