Осыған орай аймақтың төтенше жағдай қызметіне жауапты басшылары қауіпті аймаққа барып, жағдайды өз көздерімен бақылап қайтты. Қазір Көксарай су реттегішінен бастап Қызылорда облысына дейінгі дария бетін қалың мұз басқан. Өзен суы жағалауға жайылып, Қожатоғайға қарасты жайылымдық жерлер көлкіп жатыр. |