Зейнетақының көбеюін Жамбыл жұртшылығы қуана құптады

14.02.2014
Зейнетақының көбеюін Жамбыл жұртшылығы қуана құптады
Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап, зейнетақыны 14 пайызға көбейту туралы Елбасы тапсырмасын Жамбыл жұртшылығы қуана құптады.
 
Кезінде ел үшін бел шешіп еңбек еткен аға буын өкілдері «Мұндай жағымды жаңалық қазыналы қарттарды құрметтеуге бағытталған игі қадам», деп отыр.
 
Тараз қаласында тұратын Несіпкүл Мұратқызы ұзақ жыл мәдениет саласында қызмет еткен. Зейнет демалысына шыққанына биыл үшінші жыл. Елімізде болып жатқан әрбір жаңалыққа құлағы түрік жүретін ол зейнетақының өсетінін естіп, жаны жадырап қалды.
 
Несіпкүл Мұратқызы, Тараз қаласының тұрғыны:
Бұл экономикамыздың,  хал-жағдайымыздың жақсарып келе жатқаны деп ойлаймын. Елбасы әруақытта зейнеткерлердің жағдайын ойлап отырады. «Қарты бар елдің қазынасы бар», дейді. Жақсы өмір сүру үшін бар жағдайды жасауда.
 
Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу