Шымкенттегі №68 жалпы орта мектеп директоры жергілікті тұрғынның бірін лаборант қызметіне қабылдар алдында 310 мың теңге пара алмақ болған. Оған мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары делдал болған.
Ал, Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты Шұбар жалпы орта мектебінің басшысы жергілікті азаматшаны вахтер қызметіне жұмысқа алғанының ақысына 10 мың теңге талап еткен.
Қазір қос бірдей мектеп директорының үстінен пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, пара алуға дәнекер болған мектеп директорының орынбасары да жауапқа тартылуда.
Эльвира Қадірсізова, ОҚО Қаржы полициясының баспасөз хатшысы:
Пара алу дерегі бойынша Нұрбековаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311-бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Ал Фатыковаға қатысты парақорлыққа делдал болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ